ЖАНРЛЫҚ ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК / GENRE TRADITIONS AND NATIONAL CHARACTERISTICS

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2020.v59.i4.04
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселенің бірі болып келе жатқан жанр мәселесі қозғалады. Әдеби байланыс пен көркемдік ізденіс туралы айтылғанда жалпы ұлттық әдебиетімізге келген әдеби процесс толық қаралады. Әдеби процесте әрбір жанрдың қалыптасу, даму жолдарына қысқаша тоқтала келе, төл әдебиетімізге жаңа жанрлардың келуі, ондағы ұлттық ерекшелік мәселелері де сөз болады. Жанр үнемі даму үстінде болады. Мақалада белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жанрлық дәстүр мәселелесіне тереңірек тоқталамыз. Әдеби байланыстың әдеби жанрлардың дамуындағы орны айтыла келе оның алғашқы түрі – еліктеуге де өз пікірімізді білдіреміз. Әлем әдебиетінде қалыптасқан типологиялық дәстүр жолымен келген сонеттер табиғатына талдау берілді. Сонет – қазақ әдебиетіне ХХ ғасырдың аяғында келген жаңа жанр. Ол негізінен әдеби аударма арқылы келген. Ұлттық әдебиеттің даму процесінде әдеби байланыстың алар орны ерекше. Әсіресе көркем аударманың ролі үлкен. Бірақ олардың қай-қайсысында да ұлттық ерекшелік сақталады. Әлемдік әдебиет деңгейіне көтерілген үздік көркем туындылардың әдебиеттану ғылымдағы орны бөлек. Рухани салада көптеген классикалық мәдениет үлгілері жасалды. Ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, өнеріміздің озық үлгілерін зерттеп, жариялауға үлкен мүмкіндіктер жасалды. Жанр – тарихи категория, сондықтан әдеби процесте атқарар жұмысы да мол. Мақалада ақындар Х.Ерғалиев, К.Салықов, Е.Әукебаев сонеттерінің ерекшеліктеріне талдау берілген.