Improving the national qualifications system as a factor in the formation of a new quality of human capital

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51176/jesp/issue_3_t1
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ТүйінЖұмыстың мақсаты -экономиканы цифрландыру жағдайында еңбек нарығындағы адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында біліктілік жүйесін қалыптастыру тәсілдерін зерттеу.Мақалада ұлттық біліктілік жүйесін (ҰБЖ) құру негізінде кәсіптік және білім беру саласын сапалы жаңғырту мәселелері талқыланады.ҰБЖ-нің негізгі элементі болып табылатын кәсіби стандарттарды әзірлеу әдіснамасы зерттеліп, құзыреттілікке негізделген әдісті қолдана отырып, осы процесті жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта Қазақстанның ҰБЖ өзінің қалыптасу қезеңінде екенін көрсетті.Оның үстіне оның қалыптасу процестері өте күрделі және қарама-қайшы.ҰБЖ-нің қазіргі модельдерінің құрамы мен мазмұнын талдау негізінде анықталған басты кемшілік -бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен білім беру бағдарламалары сияқты іргелі элементтердің болмауы, бұл тәжірибемен сыналған дамыған елдердің озық тәжірибелеріне қайшы келеді.Негізгі әдіснамалық проблема -қазіргі уақытта дамыған ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерінде және кәсіби стандарттарда цифрлық құзыреттер тәуелсіз компонент ретінде енгізілмеген.Ұйымдастырушылық проблема жеткіліксіз үйлестірілген және тиімді институционалдық және ұйымдастырушылық механизмде жатыр, бұл қазіргі мемлекеттік атқарушы органдардың жүйесінде бар кедергілерге байланысты.Бұл еңбек және білім беру салаларына әсер ететін ҰБЖ құру жөніндегі жұмыс жеткілікті түрде өзара байланысты емес және уақыт бойынша үйлеспегенінен көрінеді.ҰБЖ: қалыптастырудың қазіргі қолданыстағы институционалдық және ұйымдастырушылық механизмын жетілдіру үшін уәкілетті мемлекеттік орган немесе даму институтын құру туралы мәселені қарастырған жөн.Бұл адами капиталдың жаңа сапасын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған және ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған толыққанды тиімді ҰБЖ құру бойынша жұмыстың ауқымы мен күрделілігіне байланысты.Түйін сөздер: ұлттық біліктілік жүйесі, құзыреттілік, адами капитал