Potential for import substitution of livestock products in the Republic of Kazakhstan

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51176/jesp/issue_1_t4
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ТүйінЖұмыстың мақсаты -отандық өндіріс көлемін ұлғайту үшін Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы өнімдерің импорт алмастыру мүмкіндіктерін ұсыну.Зерттеу әдістерізерттеуде эмпирикалық әдістер (бақылау, сипаттау, салыстыру және жалпылау) және теориялық зерттеу әдістері (абстракция, талдау және синтез, индукция және дедукция) қолданылды.Зерттеу нәтижелері -Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама берілген.Кедендік статистика деректері бойынша импортқа талдау жасалық, Қазақстан Республикасында мал өнімдерін импорттайтын негізгі елдер анықталды.Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі тауарлық топтарының импортын алмастыру жөніндегі шаралар ұсынылды.Осы жұмыста әзірленген ұсыныстарды агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағыттарын негіздеу кезінде және мал шаруашылығын дамытудың аймақаралық және өңірлік бағдарламаларын ақпараттық-аналитикалық нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.Қорытындылар: Қазақстанның мал шаруашылығы саласы айтарлықтай даму әлеуетіне ие, бірақ толықтай пайдаланылмаған.Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге бірқатар факторлар әсер етеді, олардың ішінде жеке фермалардағы ірі қара малдың үлес салмағының шоғырлануы;ІҚМ жалпы санындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аз үлесі; мал шаруашылығы инфрақұрылымының жоқтығы.Азық-түліктің негізгі түрлерінің едәуір бөлігі Қазақстанға импортталады.Импорт алмастырудың нәтижесі өндірісті технологиялық жаңғыртуды ынталандыру, оның тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті жаңа өнім түрлерін дамыту арқылы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болуы керек.Түйін сөздер: мал шаруашылығы, ауылшаруашылық сектор, импорт, импорт алмастыру, мал шаруа-