Computer terms formed by the term-forming method in the Kazakh language

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2020.v177.i1.ph29
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КОМПЬЮТЕР ТЕРМИНДЕРІМақалада қазіргі техниканың дамуына байланысты, сонымен қатар ғылым, білім беру салаларының барлығы да компьютер арқылы жүзеге асуына байланысты қолданылатын тілдік бірліктердің көбі компьютерді пайдалануға қатысты сөздер екендігі айтылады.Қазіргі кезде компьютермен жұмыс істеуші қазақтілді қызметкерлердің бәрі орыс тіліндегі сөздер арқылы техникамен жұмыс жасайды.Бұл компьютердің негізгі жұмыс істеу тілін дайын күйінде пайдаланатындығын көрсетеді.Дегенмен, бұлай жалғастыру тіл қолданушылардың лексиконын шұбарлап жатқандығын айғақтайды.Осыны ескере отырып, болашақта компьютер тілін қазақшалау қажет деген ұсыныс бар.Ол үшін бүгіннен бастап, қазақша атауларын қалыптастыру қажет.Мақалада компьютер терминдерінің қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдері арқылы жасалған сөздері талқыға салынып, нәтиже шығарылды.Ал халықаралық терминдер сол күйінде қалдырылып, орысша берілген атауларды қазақшалау қажеттігі бүгінгі күн талабынан туындап отырғандығы сөз болды.