Аңдатпа
Зерттеу жұмысында дыбыс және айтылу тұрғысынан сипатталған «сөйлеу» етістіктерінің тілдік және мәдени әлеуеті талданып, тиісті семантикалық топтың пайда болуы жөнінде жаңа көзқарас білдірілген. Мақалада қазақ тіліне қатысты талдаудың нәтижесінде дыбыстық тұрғыдан түсініктемесі берілген «сөйлеу» етістіктерінің әртүрлі контексте пайда болған мағыналары бір жүйеге келтірілген. Қазақ тілінде анықталған «сөйлеу» етістіктерінің семантикалық тобына кіретін сөздердің семантикалық айырмашылықтарын сипаттау моделі ұсынылған. «Сөйлеу» етістіктерінің мағыналық даму процестерінің жалпы және жеке қағидалары анықталып, өнімділік сипатына сәйкес тілдің процестерге есім беру ізденістерінің нәтижелері көрсетілген. Қазақ тіліндегі «сөйлеу» етістіктерінің сипатталуы әлемнің оқиға-процесс көрінісін толықтыра түседі.