Lingvoaxiology: the concept of values in the kazhaks worldview

2020

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2020.v177.i1.ph26
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ЛИНГВОАКСИОЛОГИЯ: ҚАЗАҚТАР ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰҒЫМЫМақалада қазақ қоғамында соңғы кезде жиі айтылып, түрлі мінберлерде талданып жүрген құндылық туралы сөз етіледі.Адамзат мәдениеті, оның әлеуметтік мінез-құлқы және ойлау өрісі тілден тыс өмір сүрмейді.Әр халықтың мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасап келе жатқан тілінен көрінеді.Кез келген қоғамдық-әлеуметтік қатынастардың негізін мәдени мазмұн, оның ішінде құндылықтар құрайды.Жалпы аксиологиядан біз тілге қатысты «лингвистикалық аксиологияны» сөз етеміз.Аксиология мен тіл білімінің арақатынасы тілдің аксиологиялық аймағын қарастыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, «Адам -Тіл -Әлем» жүйесінде адам және қоғам болмысы қалыптасуының негізгі мағыналары арқылы тілде көрініс табуы басты назарға алынады.Бұл бағыттың мақсаты -тілдік тұлғаның ішкі әлемін танудың әдісі мен технологиясын анықтау, тілдік мәліметтер арқылы тұлға мен қоғамның құндылыққа деген көзқарасын зерттеу.Қазіргі тіл біліміндегі лингвоаксиология құндылықтарды танып білуге, құндылықтар жүйесін зерттеп, зерделеуге мол мүмкіндік береді.Лингвистикалық аксиология үшін ең алдымен аксиологиялық парадигмадағы «бағалау» концептісін қарастыру маңызды.Құндылықтар бағалау категориясымен тығыз байланысты.Бағалау -танымдық феномен ретінде сапаны анықтау формасы.Бағалаужалпы алғанда