Аңдатпа
МақаладаIllumina платформасына арналған пайдаланушы кардиогенетикалық панелін пайдаланаотырып, əртүрлі аритмогендік синдромдармен ассоциацияланған 96 генді таргетті байыту əдісіментаргетті секвенирлеу үшін ДНҚ кітапханаларын дайындаудың əдістемесі сипатталған. Таргетті гендердің ДНҚ кітапханалары əртүрлі аритмогендік синдромдары бар 65 науқасқа дайындалды. Хаттама225 нг геномдық ДНҚ үлгілерінен ДНҚ кітапханаларын əзірлеуге оңтайландырылды. Бақылау ретіндеp/n G9901C (Agilent Technologies, АҚШ) жиынтығымен бірге жеткізілген байытылған бақылау ДНҚ-сы (Enrichment Control DNA) пайдаланылды. Ең алдымен, барлық 65 науқастың ДНҚ үлгілері рестрикциялық ферменттер көмегімен əртүрлі фрагменттерге бөлінді жəне денатурация-ланды. Содан кейін, сақиналы ДНҚ молекулаларын құру үшін зондтар кітапханасы таргеттіфрагменттерге гибридизацияланды. Келешекте биоинформатикалық талдау кезінде үлгілердіидентификациялау үшін65 үлгіге əртүрлі 65 индекс сиквенстері қосылды. Зондтар биотинделді жəнетаргетті фрагменттер магнитті стрептавидинді шарлар көмегімен бөлініп алынды. Кейін сақиналы ДНҚ молекулалары лигация үрдісі кезінде біріктірілді. Таргетті фрагменттер полимеразды тізбек реакциясы көмегімен амплификацияланды, нəтижесінде алынған индекстелген амплификация өнімдері Illumina HiSeq2000 жаңа буынды секвенаторында секвенирлеуге жіберілді.