Preaching of religious extremism through information technology in Kazakhstan

2019

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejrs-2019-4-r2
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ НАСИХАТТАЛУЫ Аңдатпа.Бұл мақалада исламтану және дінтану саласына қатысты ақпараттық технологиялардың Қазақстан аумағындағы діни экстремизмнің таралуына әсері, күші қарастырылады.Қазақстанның қазіргі кездегі діни сауаттылық жағдайына жасалған талдау діни мәліметтерді ақпараттық технологиялар көздерінен алудың қауіптілігіне тұжырым жасауға мүмкіндік береді.Бұл тұста ел қауіпсіздігі үшін діни мәліметтерді ақпараттық технологиялар арқылы сенімсіз қайнаркөздерден алуға болмайды деген пікір білдіруге болады.Сонымен қатар, бүгінгі күнгі ақпараттық технологиялар арқылы экстремизмнің насихатталуы күн арта өзекті мәселелер қатарына айнала бастағандығы сөз болады.