ҮШ ҚҰРЫЛТАЙ, БІР БАЙЛАМ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИІ

2019

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.30563/turklad.649453
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

1926 ж. Бакуде өткен атақты І-ші Баку Түркітану Құрылтайына сілтеме жасай отырып, қазіргі Түркия елінің алфавитінің нұсқасы мен арада ондаған жылдар салып барып қолға алынған Ортақ түрік алфавитіне шолу жасауға талпыныс жасалған. Ыстамбұлда Мармара Университеті жанындағы Түркітану институты үйымдастырған «Қазіргі түркі алфавиттері халықаралық симпозиумы - 1991» мен «Қазіргі түркі алфавиттері халықаралық симпозиумы - 2018» туралы, осы жиынның тарихи шешімі туралы сөз болады. Мұндай келелі басқосу мен шешімнің түптамырында Түркия Республикасының сегізінші Президенті Тұрғыт Өзал мен Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1990 жылғы кездесуі мұрындық болғандығы айтылады. Қорытынды ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру керек» деген тапсырмасын орындау мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған Республикалық дөңгелек үстел шешімі мен үндеуі туралы, көптен бері бейресми түрде қолданыста жүрген 32 қаріптік «жаңа қазақ» яки «Ортақ түрік алфавиті» туралы баяндалады.