The environmental impacts from the production of oil and gas resources

2016

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem.2016.1.310
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Берілген мақалада қоршаған ортаның көмірсутекті шикізаттармен ластануының масштабының және жағымсыз әсерлерінің себептеріне шолу келтірілген. Мұнай өндірудің көлемі ұлғайған сайын, жер бетінің көмірсутекті шикізаттармен ластануыда ұлғаюда. Эволюция кезеңінде қоғамның тұрмыстық әрекетінің қалдықтары қоршаған ортаның негізгі ластаушыларына айналды. Мұнайды өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу процестерінің ұлғаюы – республикамыздың ең негізгі басым бағыты болып табылады. Алайда бұл саланың экологияға тигізетін зияны көп. Сұйық көмірсутектің жер қойнауына өтуі, топырақтың, жер асты суларының, ұзақ уақытқа ластануына, соңында жер бетіндегі экологиялық тепе-теңдіктің жойылуына әкеледі. Мұнай өнімдерімен жұмыс жүргізетін кәсіпорындардың ішінде газ станцияларының негізгі қызметі мұнай өнімдерімен, яғни бензин және дизельді жанармаймен қаматамсыз ету болып табылады. Оларды жеткізу, сақтау және тарату процестері барысында қоршаған ортаға сұйық және бу түрінде бөлінуі мүмкін. Табиғи ортаның көмірсутекті шикізаттармен ластануын төмендету немесе салдарын жою ұйымдастыру шараларын өткізу арқылы жүзеге асыруға болады. Сол себепті көмірсутекті шикізаттардың төгілуі арқасында қоршаған орта ластануынан болатын экологиялық зардаптарды бағалау өзекті мәселе болып табылады.