АЛДАР КӨСЕ – ШАЙТАНДЫ ЖЕҢГЕН БІРІНШІ АДАМ

2016

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.33692/avrasyad.509311
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада адамзаттың қас жауы шайтанның мақсаты, адамдар арасында шайтанмен күреске шыққан белгілі тұлғалар туралы сөз болады. Батыс елдерінің аңыз кейіпкері Доктор Фауст, шығыс аңыз кейіпкері Бәрсиса, Шекспир кейіпкері – Макбеттер трагедиялық образдар. Себебі олар қанша күшті, ақылды, білімді болса да, шайтаннан жеңілгені айтылады. Ал қазақ ауыз әдебиетінде ертеден келе жатқан аңыз кейіпкері Алдар Көсенің шайтанды қалай жеңгендігі баяндалады. Және автор Алдар Көсені әлем әдебиетінде шайтанды жеңген бірінші адам деп көрсетеді. Аңыз негізінде Алдардың адамзаттың қас жауын қалай жеңгендігін баяндау тәсіліне де баға береді. Ауызша шығарылған қазақ романы деген қорытынды жасайды.