Аңдатпа
Мақалада климаттық элементтердің аймақтық өзгерісін бағалау үшін, Іле Алатауының солтүстік беткейінің негізгі өзендері алып жатқан аймақ бойынша РМК «Казгидромет» мекемесіне қарасты метеостанциялар және гидрологиялық бекеттер бойынша ауа температурасының, жауын-шашынның және жылдық ағындының көпжылдық өзгерістері қарастырылды. Сондай-ақ өзендерінің жылдық ағындысы, ағынды қалыптастырушы факторлары, олардың уақыт және кеңістік бойынша өзгеру заңдылықтарына талдау жасалынды. В статье рассмотрены многолетние изменения температуры воздуха, осадков и годового стока основных рек северного склона Иле Алатау, по данным метеорологических станций и гидрологических постов РГП Казгидромет, для оценки регионального изменения климатических элементов. Проведен анализ пространственной и временной изменчивости стокоформирующих факторов и годового стока.