Аңдатпа
Жапония қазір өзін әлемдік жаһанданудың аймақтық орталығы ретінде белсенді көрсетуде.Жаңа жаһандық міндеттер негізінде Жапония өз мәдени стратегиясын қайта қарастыруғамүдделі. Бұл үшін жалпыға тән бұқаралық мәдениетті дамытуы, себебі бұл тұтынушы қоғамыныңболмысы және жаңа технологиялардың жылдам дамуын ынталандырады. Осыдан кейін анимэмен мангаға арналған сайттардың жылдам өсуін айтуға болады. Басты мәселе – Жапонияныңжаңа гуманитарлық имиджі мен оның ультра жаңа технологияларға негізделген мәденитехнологиялардың пайда болуы. Қазір Жапонияда «жұмсақ күштің» бір формасына жатқызылатынмәдени экспорттың үлкен маңызы мен рөлін жақсы түсінеді. Жапонияның мәдени дипломатиясыжөніндегі Консультативті кеңесі ұсынған тұжырымдама бойынша ұлттық бұқаралық мәдениеттіңтаралуы жалпы Жапонияны түсіну үшін бастапқы саты деп көрсетіледі. Жапония – «глокализация»саласындағы пионер болып табылады. Жапондану – жапон мәдениетінің басқа мәдениеттергеқарағанда доминант болатын, ассимиляцияланатын және оларға өзінің ықпалын тигізетін үрдіс.Батыстың мәдени құндылықтарын Шығыс үшін арнап трансформациялау мүмкіндігін қамтамасызетіп және әлем нарығына ұлттық мәдени индустрияның өнімдерін шығару үшін максималдыұмтылыстар жасап, өркениет аралық диалогқа жаңа мүмкіндік берген Жапония жаһандануәлемінде қазір ерекше құбылыс болып отыр. Жапонияда жасалған көптеген мәдени жобаларжаһандық масштабта рухани және материалдық өмірдің бағыттарын қалыптастырады. Жапония мәдени саладағы жаһандану үрдістерінің жаңа аймақтық орталығы ретінде жаңа жаһандықмәдени кеңістіктің пайда болу үрдісіне белсенді атсалысуда, яғни Батыс пен Шығыстағымиллиондаған адамдардың өмірі мен көзқарасының жаңа өмір салтын насихаттауда.