Аңдатпа
«Стереотип» ұғымы ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп жатқандығы белгілі. Аталмышұғымды философия, психолингвистика, әлеуметтану, психология, этнография, мәдениеттанужәне т.б. ғылым салаларының ізденушілері қарастыруда. Әрине, жоғарыда аталған ғылымсалаларының өкілдері стереотип ұғымына өз пікірін білдіріп, өз саласының талаптарынасәйкес классификация жасаған. Әр түрлі ғылым саласындағы «стереотип» ұғымына берілгенанықтамаларға сараптама жасай келе, когнитивті үдерістер стереотиптердің қалыптасуына негізболады деп атап айтуға болады. Стереотиптер әлеуметтендіру және инкультурация үдерістеріндеигеріледі, сонымен қатар стереотиптерді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары ерекшеорын алады. Стереотиптер топтық идеологияны нобайлау және жеңілдету, қалыптастыру жәнесақтау секілді когнитивті қызметтер және басқа да ойлау қызметтерін атқарады. Әр адамныңжеке тәжірибесі, қоршаған ортаны қабылдаудың ерекше формасы бар, соның негізінде оныңбасында «әлем бейнесі» қалыптасады. «Әлем бейнесі» шынайы болмыстың объективті бөлігінжәне жеке тұлғаның оған субъективті бағасын қамтиды. Стереотип әлем бейнесінің құрамдасбөлігі.Бұл мақала шеңберінде біз әр түрлі сала зерттеушілерінің «стереотип» ұғымы туралыпікірлеріне сараптама жасай отырып, қазақ және француз тілдеріндегі этникалық, ой және тілдікстереотиптеріне сараптама жасауды мақсат тұттық.