THE POWER AND AUTHORITY IN THE «NOMADIC EMPIRES» OF EURASIA (historiography of problem)

2018

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh-2018-1-176
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада көшпелі империяларындағы билік пен билеуші саяси құбылысының концептуалды қорытындылары мен методологиялық парадигмалары қарастырылады. Ұсынылып отырған тарихнамалық сараптау көрсеткендей Моңғол империясында және көшпелі қоғамдарда билік күрделі және іштей құрылымданған саяси құбылыс болған еді. Теориялық-методологиялық құрудың тиімділігінің талабы зерттеушілердің алдына көшпелі құрылымдардың басқару институттарын зерделеуді, ғылыми білімнің жаңа сапасы біртұтас империялық құрылымға біріктірілген биліктің әртүрлі типтері мен модельдерін қайта қарастыруды қажетсінеді. Тарих ғылымы дамуының заманауи кезеңінде мамандар көшпелі қоғам құрылымының критерийлерін, модельдері мен типтерін талдап жасауға мүдделі болып отыр. Мұның өзі көшпелі империялардың саяси басқару жүйесі туралы анық пікір қалыптастыруға жетелейді. Көшпелілердің саяси институттары дамуының күрделілігі және әрқилы сипаты билеуші құрылымдарды, әлеуметтік және көшпелі империядағы трансформация үдерісінің ерекшеліктерін сараптауда жүйелілік қағидаларын қолдануды талап етеді. Тарихнамалық сараптау қазіргі тарих ғылымының көшпеліқоғамның билік және билеуші институттарының қалыптасу мәселелерін көрсетеді, ізденіспарадигмалары мен концептуалдық тұжырымдар мен көзқарастарын айқындайды.