Аңдатпа
Атмосферадағы ластаушы заттардың алыстан тасымалдау модельдері мен аймақтық модельдердің негізгі түрлері қарастырылады. Атмосфералықластанудыңшөгуі мен өзгеруінің, тасымалдану теңдеуін шешудің негізгі мәселелері талқыланады және атмосферадағы ластаушы заттардың тасымалдау модельдерін іске асырудың негізгі тәсілдері қарастырылады. Қашаған кен орны нысандарының жұмыс істеу мысалында күкірт пен азоттың қосындыларының (жеке шөгуі) қарастырылады. Екі негізгі сценарийлер үшін компанияның негізгі нысанынан атмосфераға түсетін ластаушы заттардың сипаттамасы берілген. Ластаушы заттарды трансшекаралық тасымалдануын бағалау үшін аймақтық гидродинамикалық ЕТА моделі және зиянды тасталымдардың алыс трансшекаралық тасымалдау моделі қолданылған. Қоспалардың таралуының сандық есептеу нәтижесі жүргізілген және атмосфераның шекаралық қабатында Қашаған кен орындары нысандарынан ластаушы заттардың кеңістіктік таралу карталары алынған (Теңіздік кешен әрекетінескерунемесеескермегенде).