Аңдатпа
Туристер жылдар өткен сайын сұраныстары кеңейіп, талғамдары өзгеріп туризмнің жаңа түрлерін, жаңаша қырларын іздестіруде. Сол себептен де, туризм саласында (бақтар мен қала көшелерінде, туристік инфрақұрылым нысандарында) ландшафттық дизайнды қолдану қазіргі заман мен туристердің талабын қанағаттандыруға бағытталады. Заманауи туризм саласында ландшафттық дизайнды қолдануға байланысты зерттеу жасалып, нәтижелеріне талдау жасалынады. Сонымен қатар, бұл мақалада ландшафттық дизайнды қолданудың артықшылықтарын жарнамалау, оны ашық кеңістіктерде дұрыс ұйымдастыру шаралары және туристерді ерекше әсерге бөлеу арқылы тарту мәселелері қарастырылды.