Digital modeling Tuyuksu glacier

2016

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem.2016.1.307
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жер бедерінің сандық үлгісінің алғашқы құрастырылуы геоақпарат пен автоматтық картографияның алғашқы дамуы кезінде ХХ-ғасырдың 60-жылдарда пайда болған. Содан бері көптеген әдістер мен алгоритмдер, модельдейтін бағдарламалар, бедер туралы мәліметтер пайда болды, солар арқылы түрлі ғылыми және практикалық міндеттер шешілетін болды.Жер бедерін модельдеу үшін жоғарыда келтірілген әртүрлі көздер арасында тек екеуі маңызды - карта және ғарыштық суреттер. Айтып кететін бір жәйіт, соңғысының – ара қашықтықтан зерделеу мәліметтердің ролі жыл өткен сайын өседі, ал карталардың ролі төмендейді. Бұл технологиялық және техникалық себептерге байланысты: сканерлі ғарыштық түсірістер жүйесі арттып келеді, ғарыштық суреттерді интернеттерден арзан және оңай жүктеп алуға болады және сондай көптеген суреттерді өндейтін заманауи компьютерлі технологиялардың пайда болуына байланысты.Мақалада SAS Planet cайтынан алынған ғарыштық сурет, Surfer 11 бағдарламасында өнделген Іле Алатаудың ең бір маңызды Тұйықсу мұздығының сандық үлгісінің құрастырылуы сипатталған.