Аңдатпа
Бұл статьяда моноқалалар экономикасын әртараптандыру мәселелері қарастырылды. Ол бойынша дамыған елдердің тәжірибесі зерттелді. Себебі, қазіргі таңда дамыған елдерде бұл мәселе өз шешімін тапқан, ал дамушы елдерде моноқалалар жағдайы өзекті мәселе ретінде қалуда. Аустралия, АҚШ, Жапония, Германия тәжірибесі негізінде дағдарыс жағдайындағы моноқалаларда еңбек ресурстарын оңалтудың және қолдаудың негізгі тетіктері анықталды. Экономиканы әртараптандыру дағдарыстан шығудың басым бағыты ретінде сипатталды.