The content of heavy metals in precipitation

2016

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem.2016.1.292
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның ауыр металдармен ластану зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Осы аймақтарда орналасқан 6 метеорологиялық станциялардың мәліметтері қолданылған. Алматы қаласы гидрометеорологиялық мониторинг орталығының химия – аналитикалық зертханасы бөлiмінен 2004 және 2009 жылдар аралығындағы орташаланған мәндері алынған. Зерттеу жұмысы барысында негізгі статистикалық әдістер қолданылды.Жауын-шашынның кеністік және уақыттық негізгі сипаттамаларының өзгеруі заңдылықтары зерттеліп, атмосфералық жауын-шашындардың химиялық құрамы анықталды. Аталған үш аймақ бойынша жауын-шашынның ластану дәрежесі бағаланды. Жұмыстардың орындалу барысында ластану деңгейі ең жоғары аудандар Шымкент және Қазығұрт станциялары болып табылды Қарастырылған ауыр металдардың қатарынан шекті мүмкіндік концентрациясынан кадмий ғана асады. Жауын-шашынның сапасын талдау барысында ластайтын заттардың қосымша әсер ету көздері қарастырылды.