Principle of action and flowsheet of surface laser scan-out

2016

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem.2016.1.306
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жер лазерлі сканерінің (ЖЛС) жұмыс істеу принципі мен оны көшкінқауіпті Іле Алатауы территориясында қолдану технологиясы ұсынылған. Сонымен қатар, алынған 3D-модельді қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Жер лазерлі сканерлеу технологиясына, топографиялық карталарды жасау және жердің сандық үлгісін жасау әдістеріне көп көңіл бөлінген.Жұмыс барысында объектінің AutoCAD форматында үш өлшемді моделі алынып, олардың бойлық және көлденең қималары жасалынды. Осы қималар көшкінқауіпті беткейлерді талдау жасауға негіз болды. Бұл зерттеліп отырған территорияның көшкінқауіпті беткейлері жер бедерін сандық көрсеткіштер бойынша сипаттауға мүмкіндік берді. ЖЛС мәліметтері арқылы жер бетінің (жер бедерінің), қар жамылғысы қалыңдығының жоғарғы дәлдіктегі сандық моделін жасауға болады. Сондықтан қазіргі таңда қар көшкінін болжауда және үлгілеуде қолайлы және жоғары сапалы әдістерді табу кең етек алуда.