New data on morphometry and biology of alien snakehead Channa argus in the Syrdarya River

2017

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje-2017-4-795
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Амур жыланбас Channa argus (Cantor, 1842) балығы 1960 жылдары Арал теңізі бассейнінекездейсоқ жерсіндірілген. Бұл түр жергілікті түрлерге қауіпті болып табылады. Суқоймажағдайының көрсеткіштерінің бірі бөгде балық түрлерінің көптігі болып табылады. Біздіңзерттеуіміздегі мақсатымыз, жыланбас балығының морфологиялық және биологиялықерекшеліктерін зерттеу және бастапқы жерсіндірілген уақыттағы авторлардың мәліметтеріменсалыстыру болып табылады. Аулау үшін стандартты аулау құралдары пайдаланылды жәнеморфометриялық талдау дәстүрлі схема бойынша жүргізілді. Су температура, ластану,минералдану, рН, ерітілген оттегі зерттелді. Осы параметрлердің елеулі ауытқуы судыңшығарылу режиміне және ихтиофаунаның алуантүрлілік құрылымын анықтауға байланысты.Алынған мәліметтерге қарағанда, морфометриялық көрсеткіштердің көпшілігінде өзгергіштіктеранықталған жоқ. Бұрынғыға қарағанда, аталық және аналықтары өздерінің ұрпақтарынаұзақ уақыт бойы қамқорлық жасайтыны байқалды. Линейлік өсу жылдамдығы (денесініңұзындығының өсуі) бұрынғы көрсетілген мәліметтерге қарағанда төмен. Уылдырық шашуыпорционды, Сырдария өзенінде уылдырықты 2-3 рет шашады, көктемнен жазғы уақытқа дейінгіаралықта. Жыныстық жетілу кезеңінде минималды дене ұзындығы 280 мм құрайды. Өзеннің төменгі ағысындағы жерлерде жыланбас балығы жергілікті жыртқыш балықтардың қорегінебәсекелес болып табылады. Қазіргі уақытта, жыланбас балықтар Сырдария өзенінде үнемітіршілік ететін түрлердің бірі болып табылады.Түйін сөздер: Channa argus, амур жыланбас, Сырдарья, морфология, биология