Аңдатпа
Дәстүрлі флотореагенттермен қайтадан ұнтақтау үдеріс арқылы Ақтоғай кенорнының мыс-молибден біріккен концентратынан таңдамалы мыс және молибден концентраттарын алу мүмкіншіліктері қарастырылды.Қайта ұнтақтаусыз жағдайында молибден концентратындағы молибденнің мөлшері 8,0% болғанда бөлініп шығуы 83,12% және мыс концентратындағы мыстың мөлшері 21,3%, ал бөлініп шығуы 27,96%-ға тең болды.Қайта ұсақтау жағдайында молибден концентратындағы молибденнің мөлшері 24,0%, ал бөлініп шығуы 59,63% және мыс концентратындағы мыстың мөлшері 21,9%, ал бөлініп шығуы 61,23% құрайтындығы көрсетілді.Сонымен, бірікпе мыс-молибден концентратын қайта ұнтақтағанда молибден концентратындағы молибденнің мөлшері 16%-ға, ал мыс концентратының мөлшері 0,6%-ға артты.