Аңдатпа
Жұмыста алғаш рет N-изопропилакриламид (НИПААм) және N-(2-винилоксиэтил)-N-(2цианоэтил) амин (ВОЭЦЭА) негізіндегі жаңа суда еритін катион типті сополимерлер заттық иницирлеу жолымен радикалды сополимерлеу арқылы синтезделіп алынды.Синтез спирттік ерітіндіде герметикалық жабық молибден шынысынан жасалған ампулада 60°С температурада 2 сағат жүргізілді.Инициатор ретінде 2,2'-азобисизобутиронитрил (АИБН) қолданылды.Алынған сополимерлер қайнаған суда екі рет тұндырылды және 24 сағат бойы вакуумды кептіргіште кептірілді.Сополимерлердің құрамындағы функционалды топтарды анықтау мақсатында НИПААм-ВОЭЦЭА сополимерлерінің инфрақызыл спектрлері түсірілді.Сополимерлердің термиялық деструкциясын зерттеу мақсатында термогравиметриялық талдаулар жүргізілді.БМҚ НИПААм буындары аз сополимерлер үшін ыдырау төменірек температураларда басталатыны анықталды.Бұл массаның жоғалуы сополимер құрамындағы азот топтарының деструкциясы және ВОЭЦЭА буынындағы топтардың ыдырауымен түсіндіріледі.Яғни ВОЭЦЭА буындарының тізбегінде оттектің болуы сызықты сополимерлердің төмен температураларда ыдырауына жағдай жасайды.Сонымен қатар, жұмыста НИПААм-ВОЭЦЭА негізіндегі сызықты сополимер үшін дифференциалды сканирлеуші калориметрлік талдаулар жасалды.НИПААм-ВОЭЦЭА суда еритін сополимер үлгілерінің шынылану температуралары (Т ш ) дифференциалды сканирлеуші калориметр құралының көмегімен өлшенді