МӘТІННІҢ ФУНКЦИОАЛДЫ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss2pp42-52
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мәтін прагматикасы, тілдік қарым-қатынастағы коммуниканттардың аялық білімі мәселелері қарастырылады. Көркем мәтінді интерпретациялаудағы қиындық мәтіннің астарлы ақпаратының болуымен туындайды. Қандай мәтін болмасын, оның қатысымдық-когнитивтік, функционалдық бүтіндік ретіндегі негізгі міндеті ‒ хабар беру, хабар алмасу; пікір алысуды жүзеге асырып, сол арқылы хабар алушыға (адресат) әсер етіп, оның жауап-қайтарымын (реакциясын) туғызу. Бұл ‒ мәтін прагматикасының нысаны. Зерттеу жұмысының мақсаты ‒ мәтіннің функционалды прагматикалық мүмкіншілігін анықтау әрі автордың көркем мәтінде кейіпкерлердің аялық білімін таныту арқылы образды, кейіпкер тілін ашу мәселелерін қарастыру. Зерттеу материалы ретінде қазақ жазушысы Ә.Кекілбаев пен қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың көркем шығармалары алынды. Тілдік қарым-қатынастың сәтті немесе сәтсіз шығуына коммуниканттардың әлеуметтік-стереотиптік ерекшеліктері, коммуниканттардың аялық білімі, коммуниканттардың құзыретіндегі жақындық, я болмаса алшақтық, коммуниканттардың жыныс, жас, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты жайттарды ескеру-ескермеуі әсер етеді. Тілдік коммуникация үдерісінің басты ерекшелігі ‒ сөйлеуші мен тыңдаушының өзара бір-бірін түсінісуі, ақпаратты дұрыс қабылдап, оны бағалауы. Ал өзара түсінісу болмаса, коммуникация өз мәнін, мағынасын жоғалтады, әрі сәтсіз аяқталады. Осы орайда, мәтінді қабылдауда сөйлеуші мен тыңдаушының аялық білімі аса маңызды деген қорытындыға келдік.