«Жол» лексемасы және қазақ тілі мен мәдениетіндегі жолға қатысты топонимдер

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2024-2-155-173
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан аумағындағы ұлы далалар, ормандар, сусыз шөлді аймақтар, таулы жерлер, өзендер мен көлдер арқылы өтетін жол атауларыдромонимдер мен жол бойындағы топонимдерге семантикалық талдаулар жасалады. Жол ең бірінші тиімді бағыттарды айқындауды, адамдардың қауіпсіздігін және азық-түлік, қонақжайлармен қамтамасыз етуді қажет етеді. «Жол» ұғымы қазақтың тарихи-мәдениеті мен мифологиялық түсініктерінен бастау алатын географиялық, экономикалық білімімен, дәстүрлерімен және рухани әлемімен тығыз байланысты. Сондықтан мақалада мифтер, аңыздар мен дәстүрлер арқылы қазақ халқындағы жол туралы ұғымның тілдік тұрғыдан мәні ашылады: мифтік таныммен сабақтас «садақа беру», «бата беру» немесе «теріс бата беру» секілді тіркестер ауыс мағынасында адамның өмір жолына қатысты қолданылады. Қазақ халқының көшпелі тарихи мәдениеті және маусымға сәйкес қоныс аударып отыру дәстүрі арқылы дромонимдердің уақыт пен кеңістікке қатысты мәні айқындалды. Көшпелі өмірі мен тұрмыс-салтының аясында жолға қатысты лексиканың түрлеріне, мысалы, жаяу, аттылы қозғалыстарға қатысты лексиканы жатқызуға болады және бұл халықтың дәстүрлі тұрмысы мен салтынан ақпараттар береді. Мақалада жол бойындағы топонимдердің ерекшеліктерін айқындауға, атап айтқанда, Қазақстан аумағынан өтетін Жібек жолының сауда-өркениеттік, саяси, мәдени рөліне назар аударылды. Белгілі қазақ ғалымы Ә.Марғұланның және басқа да зерттеушілердің еңбектері негізге алына отырып, еліміздегі жол бойындағы топонимдер жүйеленіп, оларға түсініктер берілді. Жүйелі семантикалық талдаулар жүргізуге мүмкіндік тудыратын дромонимдер мен топонимдердің танымдық мәні ашылды, лексемалардың көпмағы налылығы, олардың сөзтудырушылық-деривациялық әлеуеті және синагматикалық қатынастары айқындалды.