A SURVEY OF ENDOPHYTES FROM THE KAZAKHSTANI SPECIES OF SALVIA AETHIOPIS L., SALVIA STEPPOSA DESSHOST AND SALVIA SCLAREA L.

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53729/mv-as.2023.03.13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Эндофитті микроорганизмдердің кең таралуы жалпыға бірдей мойындалған факт болып табылады. Осы зерттеу аясында флора формасының бөліктерінен эндофитті микроорганизмдерді бөліп алу, олардың белсенділігін патогенді бактериялар және микромицеттерге қарсы бағалау жоспарлануда. Дәрілік өсімдіктердің Salvia aethiopis, Salvia stepposa Desshost жәнеSalvia sclarea L. Бөліктерінен бөліп алынған эндофитті микроорганизмдер белсенді екіншілік метаболиттер түзетін микроорганизмдердің көзі бола алады. Зерттеу жұмысының өзектілігі, фармакофлораның микробтық продуценттерінің әртүрлілігін зерттеп, патогенді бактерияларға және микромицеттерге белсенділігі жоғары эндофиттi микроағзалардың продуценттерiн іріктеу болып табылады. Зерттеу жұмысында эндофитті микроорганизмдердің 45 изоляты оқшауланған, эндофитті микроорганизмдердің негізгі кездесетін орны тамырларда (42,2%), сабақтарында (33,4%), ал ең азы зерттелген бөлігі өсімдіктердің жапырақтарында (24,4%) кездесетіні зерттеу барысында тұрақталды. Шалфей (Salvia L.) тектес дәрілік өсімдіктердің бөліктерінен оқшауланған эндофитті актиномицеттерді олардың патогендік микроорганизмдердің өсуін тежеу қабілеті бойынша скрининг жүргізілді, нәтижесінде Staphylococcus aureus, Aspergillus niger, Candida albicans және Fusarium oxysporumөсуін тиімді тежейтін 2 N. A1 және N. A4 штаммдары іріктелді. Өсудің тежелу аймағы 10,0 мм-ден 18,2 мм-ге дейін болды. Зерттелген эндофитті штаммдар Actinomyces spp. тұқымдасының өкілдері ретінде анықталды. The widespread distribution of endophytic microorganisms is a well-established phenomenon. This study aims to isolate endophytic microorganisms from various parts of selected plant species, extract bioactive compounds with antibiotic properties from them, and assess their efficacy against pathogenic bacteria and micromycetes. The medicinal plants Salvia aethiopis, Salvia stepposa Desshost, and Salvia sclarea L. are potential sources of endophytic microorganisms that produce bioactive secondary metabolites. The significance of this research lies in exploring the microbial diversity within the pharmacoflora and identifying endophytic microorganism strains with potent activity against pathogenic bacteria and micromycetes. In this research, a total of 45 endophytic microorganism isolates were obtained. The investigation revealed that the primary locations of these endophytic microorganisms were found in the roots (42.2%), followed by the stems (33.4%), and the leaves of the studied plants had the lowest occurrence (24.4%). Endophytic actinomycetes isolated from different parts of medicinal plants belonging to the Salvia L. genus were screened for their ability to inhibit the growth of pathogens. The results showed effective inhibition against Staphylococcus aureus, Aspergillus niger, Candida albicans, and Fusarium oxysporum, with strains N.A1 and N.A4 exhibiting significant inhibitory effects. The inhibition zones ranged from 10.0 mm to 18.2 mm. The endophytic strains investigated in this study were identified as members of the Actinomyces genus.