БАСҚАРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҮДЕМЕЛІ СИПАТТАМАЛАРЫ БОЙЫНША МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРДІ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2022-123-4-339-346
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Автоматты басқару жүйесі синтезінің негізгі кезеңі басқару объектісін сәйкестендіру болып табылады. Басқару объектілерінің сипаттайтын аналитикалық және эксперименттік анықтау әдістері белгілі. Өзара байланысты параметрлердің алуан түрлілігімен сипатталатын қазіргі заманғы күрделі автоматтандыру объектілерін сәйкестендіру үшін аналитикалық әдістерді қолдану айтарлықтай дәрежеде қиын. Сипаттамаларды анықтаудың белгілі эксперименталды әдістері объектінің кіруіне типтік әсерлерді (сатылы, гармоникалық және т.б.) берумен байланысты. Соңғы жылдары күрделі көп байланысқан басқару объектілерін сәйкестендіру үшін зерттеудің статистикалық әдістері кеңінен таралған. Сонымен, сәйкестендіру дербес міндет болып табылмайды, ол басқару мақсаттарына бағынады және басқару міндетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда, сәйкестендіру жиі дербес мақсат ретінде ұсынылады – таза әдіснамалық пайымдаулардан, өйткені модельдерді синтездеу әдістері басқару синтезінің әдістерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жағдай басқару теориясының жеке бөлімін сәйкестендіруге мүмкіндік берді.