Аңдатпа
Мақалада Қазақстан жолдарындағы апаттылық жай-күйін жылдар және зардаптарының ауырлығы, жол-көлік оқиғаларының себептері мен түрлері бойынша, жалпы республика және облыстар бойынша талдау нәтижелері берілген. Апаттылыққа статистикалық талдау жүргізудің теориялық негіздері және оларды іс жүзінде қолдану әдісі ашылды. Жол-көлік оқиғаларының туындау себептерін анықтауға ерекше назар аударылды. Жылдамдық режимін сақтамау, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу жол-көлік оқиғаларының туындауының негізгі себептері болып қалатыны анықталды. Жоғарыда көрсетілген фактілер Қазақстан жолдарындағы апаттылық деңгейі бойынша алаңдатарлық жағдайды айғақтайды.