ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ «АБАЙ» АРХЕТИПІ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/dnne9021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

"Мақалада Абай Құнанбайұлының тұлғасы мен шығармашылығының негізінде «ақын архетипі» ұғымы айқындалып, сараланады. Жұмыста алғаш рет қазақ әдебиеттануында ақын архетипінің тууы мен қалыптасуы шынайы тұлғаның (әдеби емес) мысалында қарастырылады. «Ақын архетипі» ұғымы мәдени кеңістіктегі өзгермелі динамикалық модель ретінде түсіндіріледі. Бұл К. Г. Юнгтың анықтамасына да, қазіргі әдебиеттанудағы архетип түсініктемесіне де қайшы келмейді. Ақын архетипі ұғымы аясында бойындағы дара қасиеттерімен бірге символдық, архетиптік қасиеттерге ие ақынның (кемеңгер) уақытқа бағынбайтын мәдениет парадигмасына сыйғызып тұрған танымал кемеңгер тұлғасы танылады. Осылайша, ақын архетипі өз табиғатының екіжақтылығына сәйкес екі позицияда қарастырылады, нақтырақ айтсақ, бастапқы, априорлы қасиеті бар ақын архетипі және белгілі бір тұлғаның өзі бұл архетипке жаңа ерекше қасиеттер үстеуі мүмкін. Осылайша, жұмыстың ғылыми-тәжірибелік мәні Абай Құнанбайұлының тұлғасы мен шығармашылығының негізінде «ақын архетипі» ұғымын айқындап, саралау. Зерттеу материалдары ұлы ақынның көркем мұрасының философиялық-эстетикалық сипатын талдауда пайдаланылады. Ұсынылған ақын архетипі концепциясы жоғары оқу орындарында арнаулы курстар мен семинарларда жазушылар шығармашылығының рецепциясын бағалау мәселесінде қолданылады."