Қазақ халқының дәстүрлі би өнерінің болмысы

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v6i2.442
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының болмысындағы өнердің алар орны қарастырылған. Халық биінің шығу тегі ерте заманнан бастау алады. Би мен қозғалыстың алғашқы формалары адам заттың қоршаған әлемнен алған әсерін көрсетудің бір түрі ретінде қарастырылады. Ауыз әдебиеті, күй, айтыс, жыр-дастан сияқты халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер түрлерімен синкреттік түрде дамып, бізге жеткен би өнері жөнінде ой толғайды. Қазақ өнерін зерделеген ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйене отырып, би мәдениетінің даму кезеңдерінде қазақ болмысындағы орны қарастырылған. Қазақ халқының тыныс-тіршілігіндегі, өмір салтындағы дәстүрлі би өнерінің болмысын айқындау мақсатында, авторлар тарихи-хронологиялық жүйелеу, саралау, салыстыру, бақылау әдістерін қолданады. Бақсы ойыны тек дінге байланысты деп қарамай, оның ерекше әрекеттері арқылы би өнеріндегі негізгі қимыл қоззғалыстары қалыптасқаны жөнінде айтылады. Халықтың тарихи кезеңдеріне байланысты өзгеріске ұшырап отырған өнер түрлері де әркез даму үстінде болғаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қарапайым қимылдарға негізделген би өнері, жетіле келе халықтың ажырамас өнер түріне айналып отыр. Қазақтың болмысы тәлім-тәрбие арқылы белгіленсе би өнері сол тәрбие мен салт-дәстүрді негізге ала отырып, дамығанын білеміз. Адам затының көңіл күйiн білдіретін, музыкалық ырғақтың сырт бейнесін суреттейтін, түрлi қимылдар арқылы әсер қалдыратын өнер – би деп білеміз. Би арқылы адам баласына тән әсемдiк пен әдемiлiк, өмiрге деген көзқарасы мен көңiл күйi көрiнiс табу арқылы рухани күйге енеді. Ал, осы өнер түрінің қалыптасып, дамуында әр халықтың өзiне тән мiнез құлқы, тұрмы-салты, мәдениетi әсер етедiндігі айтылады. Осы ғылыми зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті гранты аясында (№AP09260151 гранты) қаржыландырды.