VIEWS OF THE TURKESTAN GENERAL-GOVERNOR K.P. KAUFMAN ABOUT THE ADMINISTRATIVE DEVICE AND KAZAKH OFFICIALS

2018

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh-2018-2-226
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Түркістан генерал-губернаторы Константин Петрович Кауфманның өлкедегі әкімшіліктік құрылыс пен қазақ шенеунік мәселесі туралы ойлары талқыланады. Генерал Кауфманның өзінің түрлі есептері, нұсқаухаттары мен ол туралы естелік хаттардың мазмұнын талдай отырып, қазақтар арасындағы өзін-өзі басқару, орыс емес шенеуніктерге сыйлықтар беру жүйесі мен оның сомасы, қазақтарды империның қызметіне тартудағы орыс мектептерінің маңызы туралы Кауфманның көзқарастарына талдау жасалынды. Генерал-губернатордың қазақтар арасында сот ісін өзгертуге қатысты талпыныстары қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада К.П. Кауфманның Түркістан генерал-губернаторлығы аумағына қарасты Жетісу облысында жерленген қазақ офицері Шоқан Уәлихановқа қатысты көзқарасы анықталды.Сондай-ақ, мақалада Кауфман басқарған әкімшіліктік құрылысты тиімділігіне қатысты түрлі ойлар келтірілді. Генерал-губернатор мен оның әкімшілігі туралы революцияға дейінгі авторлардың, кеңестік тарихнаманың, отандық және шетелдік ғалымдардың әдебиеттерін пайдалана отырып, Түркістан генерал-губернаторлығындағы Кауфманның қызметі туралы тарихи тұжырымдар анықталды.