ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ: ФОНОСТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ДЫБЫСТЫҚ СИМВОЛИЗМ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.66.3.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты мен міндеті адам эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметінің негізін құрайтын фонетикалық бірліктердің күрделі жүйелелерін анықтау, дыбыстық таңбаның ментальді, психикалық, физиологиялық, лингвистикалық әлеуметтік, эстетикалық қырларын анықтау болып табылады. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негізін құрайтын, ұлттық тілдің фонологиялық және сөздік қор жүйесінің экспрессивтік стилистикалық жүйесі, сипаты, табиғаты бірқатар тілдік фактілермен қарастырылды. Тілдік бірліктер таңба, дыбыс, фонема, адамның санасында транформациялану моносилабтық дыбыстық құрылымы, дыбыстардың фонологиясы, дыбыс сәйкестегі, дыбыстардың алмасуы және т.б. фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтар жүйелі талданды. Тіл дыбыстарының ұлттықтанымдық қырлары зерделеніп, озық парадигмаларды анықтау арқылы экспрессивтік стилистикалық сөз мәдениетіне әсері зерттелді. Мақаланың ғылыми маңыздылығында ұлт болмысындағы мазмұны кең, терең ұғымтіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық қызметі лингвистикалық, лингвостиликалық ғылымның зерттеу аясындағы ауқымдылығын танытып, зерттеудің өзектілігін анықтады. Қазақ тіліндегі фоностилика және дыбыстық символизм экспрессивтік стилистикалық жүйе ретінде алғаш рет кешенді түрде зерттеліп, ғылыми тұрғыдан шешімін тауып, қазіргі қазақ тілінің деректері бойынша тұжырымдар жасалынды. Олардың қазақ тіліндегі сипаты, дыбыстың экспрессивтік стилистикалық қызметі жүйеленді. Ономофонеманың тілдік жүйедегі номинативтік қызметінежәне оның сөйлеуде синтагмофонемаға, морфонемаға трансформациялану ерекшелігіне талдау жасалды. Ғылымипрактикалық маңыздылығында тілдің эстетикалық табиғаты экспрессивтік қызметімен тығыз байланыстағы ғалымдардың зерттелген теориялық еңбектеріндегі пайымдаулары дамытылып, қазақ тіліндегі дыбыстардың ұлттық мәдени қырларымен сабақтастықта ұштастырылып, өзіндік тұжырымдар берілді. Қазақтілінің дыбыстық парадигмасының қалыптасуы мен дамуы жан-жақты талданып, ұлттың рухани-мәдени болмысының тіл дыбыстары арқылы таныту өзектілігіпрактикалық тұрғыдан анықталды. Фоностилистикадағы дыбыстың экспрессивтік стилистикалық мағынасы дыбыстардың ассоциялануына негізделуі, дыбыстық символға айналуы айқындалды. Фонетикалық құралдардың әлеуметтік-лингвистикалық, психолингвистикалық және прагмалингвистикалық аспектілерінде сөздің әртүрлі формаларды қолдану заңдылықтары, жұмсалу мүмкіндіктерімен сабақтастырылды. Тіліміздегі экспрессивтіліктің айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылымдағы салыстырмалы қырларыэкспрессивтік стилистикалық мағынаның пайда болу, қалыптасу, жүйеленуін айқындайды.