OVERVIEW OF 3D-PRINTED CONCRETE REINFORCEMENT METHODS

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/gaha2528
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Құрылыстағы аддитивті технологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелерінің бірі –3D баспаланған бетонды арматуралау болып тұр. Бұл мақалада 3D баспаланған бетонды арматуралау үрдісін автоматтандыруға ерекше назар аудара отырып, арматуралау әдістеріне жан-жақты шолу жасалған. Арматураның әртүрлі түрлерінің функционалдығы қысқаша қарастырылғанымен, оның технологиялық аспектілеріне назар аударылады. Бұл шолу мақаласында негізгі фокус автоматтандыру тұрғысынан қарастырылғандықтан, автоматтандырылуы мүмкін емес кейбір әдістер қарастырылмады. Шолу мақаласында әр әдіс қарастырылған соң оның автоматтандыру мүмкіндігі бағаланып, және оның қасиеттері дәстүрлі темірбетонмен салыстырылды.