Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы эндаумент-қорларды құру және басқару мәселелері қарастырылады. Дамыған елдердің университеттері ұзақ мерзімді тұрақтылық пен инновацияларды қамтамасыз ету үшін эндаумент-қорларды кеңінен қолдануда. Қазақстанда мұндай қорларды дамытуға қажетті заңнамалық негіздің болмауы олардың әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді. Зерттеуде эндаумент-қорлар арқылы ғылыми және білім беру мекемелерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары ұсынылады. Арнайы заң жобасы қаражат тартуды, ұзақ мерзімді даму стратегияларын жүзеге асыруды және университеттердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ұсынылған тәсілдер қорларды тиімді басқаруды, инвестицияларды қорғауды және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Зерттеу нәтижелері эндаумент-қорлардың маңыздылығын көрсетіп, Қазақстандағы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдарын ұсынады.