АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАҚАТ АУДАНЫНДАҒЫ БҰЗЫЛҒАН ЖЕРЛЕРДІҢ ТЕХНОГЕНДІК ЛАСТАНУЫ МЕН ТҰЗДАНУЫН ТАЛДАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2025/13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қоршаған ортаның ластануы адам өмірінде және экожүйеде көбірек орын алуда. Мұнда қазба отынды пайдаланудан, тау-кен өндірісін дамытудан, қалдықтарды жағудан, өнеркәсіптік ағынды сулары төгілуден су, топырақ және ауа сияқты табиғи ресурстар ластануда. Қазіргі уақытта ауыр металдар улылығымен, атмосферада ұзақ өмір сүруімен және биоаккумуляция арқылы адам ағзасында жиналу қабілетімен қоршаған ортаны ластаушы көздердің негізгісі болып отыр. Сондықтан негізгі ластаушы факторларды анықтау мен қадағалау өте маңызды мәселе ретінде қарасырылуда. Мақала Атырау облысы Мақат ауданынадағы мұнай – газ игерудегі ластаушы заттардың құрамын зерттеу, топырақтағы мұнай қалдықтарының таралуын зерханалық талдау және экожүйеге әсерін бағалау мақсатында қарастырылды. Сонымен қатар мұндағы мұнай қалдықтарымен, соның ішінде әртүрлі көмірсутектермен, ауыр металдармен және басқа химиялық қосылыстармен ластанған, тұзданған топырақты қалпына келтіру мен жақсарту әдістерін әзірлеу мақсатында жүргізілді. Аумақтағы зерттелген нүктелердегі топырақтар ауыр металдардың ішінде қорғасынмен (Pb) ластанғанын көрсетті, оның құрамы барлық тереңдікте 4 есе шекті рұқсат етілген концентрациядан асатындығы дәлелденді. Сондымен қатар батпақ тұзданудың жоғары деңгейімен сипатталынды, ал тұздардың кальций-натрий мен сульфатты-хлоридті түрінің басым болып, топырақ жоғары карбонатты екендігі анықталды.