Ақпарат кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2025-151-2-23-32
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада кітапхананың заманауи ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы рөлі мен қоғамдағы орны, ақпараттық ресурстардың цифрлық жүйелендірілуі, үлкен деректердің кітапхана тұтынушыларының қабылдауына тигізетін әсері мен ақпарат кеңістігі ұғымын кеңінен талданады, сонымен қатар ақпараттық кеңістік ұғымы, оның құрылымы, қызметі,сондай-ақ қазіргі кітапхананың ақпарат кеңістігінің біртұтас маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі ерекшелігі және өзекті мәселелері талданады. Кітапхана тек ақпарат ресурстарын сақтаушы ғана емес, сонымен қатар білім тарату, цифрлық сауаттылықты арттыру және ақпараттық мәдениетті қалыптастырушы орталық ретіндегі функциялары талданады. Кітапхана қызметі аясында ұсынылатын ақпарат түрлерін бірнеше құрамдас бөлікке бөліп қарастыруға болады.Олардың қатарына қолжазбалар, кітаптар, түрлі баспа өнімдері және сан алуан электрондық ақпарат көздері жатады. Заманауи ақпараттық технологияларды кітапхана қызметіне енгізу тек қызмет көрсету шеңберін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар қазіргізаманғымәдени және әлеуметтік институт ретіндегі ұстанымын едәуір нығайтатын, қазіргі уақытта кітапхана көпфункционалды мәдени-әлеуметтік мекеме екендігі анықталып және әлемдік ақпараттық кеңістіктің қоғамдағы орны, рөлі, ерекшеліктері мен маңызды тұстары сипатталады. Кітапханадағы жаңа заманауи мүмкіндіктер: ашық қол жетімділік, ашық лицензиялар, электронды коллекциялардың көбеюі, ақпараттық мәдениетпен цифрлық сауаттылық мәселелері де қарастырылады.