МАЛҒА АЗЫҚ ҚОСПАСЫН ДАЙЫНДАП БЕРУДІҢ ТИІМДІ АГРЕГАТЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-2-189-199
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жем қоспасын ағынды әдіспен дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін ресурс үнемдейтін араластырғыштардың құрылымдық-технологиялық схемалары, араластырғыш камерасының пішіні, үздіксіз араластыру процесі, технологиялық және энергетикалық есептеулер және олардың талдаулары берілген. Алайда жүргізілген зерттеулерде технологиялық процестің үздіксіздігін, энергия мен ресурстың тиімділігін, жоғары өнімділігі мен сапасын, араластыру процесінде жылу мен сұйықтықты енгізе отырып өңдеуді қамтамасыз ететін араластырудың үздіксіз жұмыс істейтін техникалық құралдарын әзірлеу қажет. Мал шаруашылығы фермаларының жемшөп учаскелерінде ағынды әдіспен жем қоспасын дайындау және оларды ғылыми-технологиялық негіздеу мәселелері жеткілікті түрде зерттелмеген. Зерттеудің мақсаты – мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің цехтарында, кластерлерде және жем қоспаларын өндіретін дербес кәсіпорындарда ағынды әдіспен жем қоспасын дайындауда технологиялық процестің үздіксіздігін, энергия мен ресурс тиімділігін анықтау. Жүргізілген теориялық және тәжірибелік зерттеулер нәтижесінде ағынды әдіспен жем қоспасын дайындауда технологиялық процестің үздіксіздігін, энергия мен ресурс тиімділігін, жоғары өнімділік пен сапаны қамтамасыз ететін техникалық құралдардың параметрлері мен жұмыс режимдері анықталды. Мал фермалары мен кешендерінің, кластерлердің және дербес жем қоспасын шығаратын кәсіпорындардың цехтары, қақпақтың жұмыс беті араластырғыш камераға жылу және сұйықтық айдау құрылғыларының параметрлері мен жұмыс режимдері ғылыми негізделген.