ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА БАҚ-ТЫҢ ӘСЕР ЕТУІНІҢ КЕЙБІР АСТАРЛАРЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2022.50.4.006
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы этносаралық қатынастарға әсер ету мәселелерін қарастыруға арналған. Ақпараттық кеңістіктің кеңеюі және ақпараттық қоғамды қалыптастыру шеңберінде цифрлық және спутниктік байланыстардың дамуы, интернет пен компьютерлік технологиялардың енгізілуі, БАҚ қызметінің трансшекаралық сипатқа ие болуына әсер етті. БАҚ әлемдік саяси өзара әрекеттесудің ерекше бір бөлігі болып табылады. Соған байланысты ол халықаралық және ұлттық деңгейлерде халықтар мен елдердің дамуына айтарлықтай әсер ететін этносаяси үрдістің жүру бағытына ықпал ете алады. Бүгінгі таңда БАҚ этносаяси өзара әрекеттесудің ықтимал нәтижелерін айқындайтын саяси құралға айналуда. Айқындалатын нәтижелер ұлтаралық тепе-теңдікті қамтамасыз етуден, шағын этникалық қауымдастықтардың құқықтарын қолдаудан, ұлттық және жалпымемлекеттік мүдделерді үйлестіруден бастап, шовинизмді, экстремизмді, жергілікті ұлтшылдықты және этносаяси қақтығыстарды қоздыруға дейін өзгере алады. БАҚ-тың этномәдени өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін жариялау кезінде әлеуметтік жауапкершілігінің болмауы қақтығыс әлеуетінің артуына және тіпті қақтығыстардың одан әрі өршуіне әкеледі. Соған байланысты қазір БАҚ әсіресе этникалық мәселелерде жоғары қақтығыстық әлеуетімен сипатталатын ерекше әлеуметтік сала ретінде танылып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары этникалық топтарды қате сипаттауы арқылы, теріс «этникалық бейнелерді» құру арқылы этносаралық қарама-қайшылықты тереңдете алады. Ұлтшылдық, ксенофобия, кемсітушілік, этникалық көші-қон, этносаралық қайшылықтар, этносаралық қақтығыстар, сондай-ақ лаңкестік, діни экстремизм сияқты этносаяси қатынастардың өткір мәселелеріне БАҚ-тың реакциясы ерекше маңызға ие.