МЕКТЕПТЕГІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.031
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстандахалықаралық дуалды оқыту технологиясы жетістіктерін мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына ендіру практикасында, білім мекемелерінде еңбек тәрбиесі үрдісінде органикалық қалдықтарды (биогумус, вермикомпост) өңдеу арқылы мектеп оқушыларының экологиялық санасын дамыту мәселелеріне терең назар аудару аталмыш еңбектің басты шарты саналады. Жаңа Қазақстан жағдайында қалыптаса бастаған жасанды интеллект (Artificial intelligence), жасыл технология (Green technology), цифрлық трансформация (Digital transformation), БҰҰ жаһандық жылыну ілімі (UNESCO Climate Change Education) және басқа қоғамдағы құбылыстарды зерделеу мен болжауға бағытталған іргелі бетбұрыстар, жас ұрпақтың бойына еңбек тәрбиесі арқылы экологиялық санасын дамытуда органикалық қалдықтардыөңдеуді үйренуге, зерделеуге айырықша ықпал етіп отырғаны осы мақалада жүйелі баяндалады.Тақырыпта көтерілген күрделі мәселелер тоғысында бірқатар ғылыми тұжырымдар мен жоғары оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мектептер арасындағы педагогикалық ынтымақтастықты сақтай отыра, оқушылардың университет ұстаздары кеңесі арқылы еңбек тәрбиесі үрдісінде органикалық қалдықтарды өңдеудеқоғамға пайдалы кәсіп тәжірибелерін жас ұрпақтың экологиялық санасын дамытудың педагогикалық проблемаларымен ұштастырудың бірқатар түйіндерін шешу жолдары жан-жақты қарастырылады.