ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖЕРЛЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2024/39
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жерге орналастыру саласының инновациялық дамуы жер-кадастрлық қызметтерге енгізумен және жер ресурстарын басқару жүйесінде автоматтандыру және роботтандыру құралдарын, заманауи ақпараттық технологияларды қолданумен тығыз байланысты, олардың ерекшелігі ауылдық аумақтардың орнықты дамуының тиімділігін арттыруды, елдің елді мекендерінің жер ресурстарын ұтымды пайдалану жүйесінде технологиялық шешімдерді жетілдіруді қамтамасыз ететін ақпараттың үлкен массивтерін қалыптастыру болып табылады. Стандарттардың және көптеген нормативтік құжаттардың тез өзгеретін талаптары жағдайында елді мекендердің аумақтарын ұтымды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жерге орналастыруды басқару жүйесіндегі технологияларды цифрландыру аса маңызды мәнге ие. Қазақстан Республикасында ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жылдар бойы ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Елдің кең аумағында оның едәуір бөлігі нашар игерілген және аз қоныстанған болып қалады. Бұл жағдайдың себептері ауылдық елді мекендер аумақтарының үлкен таралуы, табиғи-климаттық жағдайлар, жергілікті жердің рельефі, халықтың әлеуметтік жайлылық деңгейі жоғары елді мекендерге қоныс аударуға деген ұмтылысына әкеп соқтыратын әлеуметтік-тұрмыстық саланы дамытуды жеткіліксіз қаржыландыру болып табылады. "Соңғы 10 жылда ауылдық аумақтарды дамыту саясаты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіні Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді басым қолдау есебінен ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды 2023 жылдың басында республикада 6 295 ауылдық елді мекен бар, онда ел халқының 38,2% - ы немесе 7,5 млн адам тұрады".[1] Ауылдық жерлерде цифрлық теңсіздікті жою үшін peba-NGA жоспары жүзеге асырылды, ол 5000 тұрғыннан аз халқы бар елді мекендердің 90% - дан астамын 30 Мбит/с кең жолақты интернетпен қамтуды көздейді. Сондай-ақ, агроазық-түлік секторын, орман шаруашылығын және ауыл ортасын цифрландыру Стратегиясы іске асырылуда.