«ҚЫЗ» ГЕНДЕРЛІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚАЗАҚ, БАШҚҰРТ, ТАТАР ТІЛДЕРІ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.4.75.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Гендерлік лингвистикадағы қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі « қыз » концептісі. Мақаланың мақсаты - қыздардың қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын, оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, « қыз » концептісінің лексика - семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру және қазақ, башқұрт, татар тілдеріндегі « қыз » гендерлік концептісін зерделеу, үш тілге ортақ бірліктерді анықтау. Тілді зерттеудің антропоөзектік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғатын ашумен тікелей байланысты екені мәлім. Ұсынылып отырған мақалада « қыз » гендерлік концептісі және осы мәселеге қатысты қалыптасқан тұжырымдар талданады. Мақаланың ғылыми маңыздылығы « қыз » гендерлік концептісіне қатысты теориялық тұжырымдарды өзара салыстырып, практикалық деңгейде деректерді талдау арқылы негіздеуінен көрінеді. Мақалада көтерілген мәселелерді талдауда ресейлік, қазақстандық ғалымдар зерттеулері мен тұжырымдарына сүйенілді. Зерттеу мәтінді лингвистикалық талдау әдісі арқылы, диахронды - синхронды тұрғыдан сипаттама, семантикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік талдау, жүйелеу, топтастыру әдістері арқылы жүргізілді. Мақаланың негізгі қорытындысында « қыз » гендерлік концептісін нақты мысалмен түсіндірілді. Мақаланың құндылығы мазмұны мен негізгі тұжырымдарының гендерлік лингвистика бағытындағы зерттеулерге материал бола алатындығымен анықталады. Практикалық маңыздылығы талдау үлгілерінің көрсетілуімен, татар, башқұрт, қазақ тіліне ортақ бірліктерді анықтаумен байланысты. Мақалада татар, қазақ, башқұрт тілдерінде « қыз » концептісіне қатысты қолданылатын фразеологизмдер мен мақал - мәтелдер жинақталып, олардың ұлттық танымға қатысы талданды.