СТУДЕНТТІК ОРТАДАҒЫ КИБЕРБУЛЛИНГ: БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.75.4.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада студенттер ортасындағы кибербуллинг мəселелері жан-жақты талданып, шетелдік ғалымдар еңбектеріндегі бұл мəселенің теориялық негіздері айқындалған. Ақпараттық кеңістікте студенттердің киберқауіпсіздік сақтаудағы негізгі ережелері нақтыланған.Сонымен қатар, студенттерді кибербуллингке қатысудан немесе кибервиктимге айналудан қорғау үшін нақты жəне тиімді шаралар көрсетілген.Кибербуллингті ғылыми жəне практикалық мəселе ретінде зерттеудің негізгі екі бағыты айқындалған. Ғылыми əдебиеттердегі кибербуллингтің жіктелуі, студенттер ортасында аталған түрлерінің кездесу жиелігі қарастырылған. Студенттер ортасындағы мазасыздық, депрессия, стресстің жоғары деңгейі жəне университетке бейімделудің жеке факторлары (академиялық бейімделу, əлеуметтік бейімделу, тұлғалық-эмоционалды бейімделу жəне институционалдық бейімделу) кибербуллингтің құрбаны немесе агрессоры болудың болжаушылары болып табылатындығы айқындалған.Кибербуллингтің себептерін, нысандары мен салдарын анықтауға бағытталған 2 жоғары оқу орындарынан 110 студент арасында кибербуллинг жəне онлайн агрессия көрсеткіші туралы жүргізілген сауалнама нəтижелері келтірілген. Зерттеу нəтижелерін талдау студенттік ортада респонденттердің шамамен 10% кибербуллингтің үрей тудыратынын көрсетті, 3% кибербуллингке тап болғандығын, көпшілігі дерлік кибербуллинг туралы ақпаратпен бөлісуді қаламайтынын атап өтті. Кибербуллинг тəжірибесіне көзқарастарын реніш пен ашудан тууы мүмкін деп болжады.Бұл кибербуллингті өзекті мəселе ретінде зерттеуге негіз болды. Кибербуллингті алдын алудың əдістері мен іс-шаралары, педагогикалық ағарту жұмыстары мен психологиялық-педагогикалық шарттары, сондай-ақ белгілі бір жауап түріндегі жазаны тағайындау қарастырылады.Экспериметтікжұмыснəтижелері егжей-тегжейліжазылып,зерттеуқорытындыларыайқындалып,сипаттама берілген.Студентт ер ортасында əлеуметтік желілердегі қарым-қатынас мəдениетін, желілік этиканы дамытуға арналған шаралар мəзірін əзірлеу ұсынысы нақтыланған.