ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫНЫҢ (ТМҰ) ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНМЕН ТҮРКИЯНЫҢ РӨЛІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2024.58.4.012
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін,әлемде халқының басым көпшілігі түркі этносынан тұратын тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан жәнеТүрікменстан сияқты елдердің тәуелсіздікке қол жеткізуі түркі әлемінің геосаяси және мәдени ықпалдастығының жаңа дәуірін бастады. Бұған дейін халықаралық деңгейде мойындалған жалғыз түркітілдес мемлекет Түркия болған еді [1]. Осы тарихи кезеңде Түркия Республикасының бұл елдермен мәдени, экономикалықжәне саяси байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысыерекше маңызды рөл атқарды. 2009 жылы Нахчыванда өткен саммит Түркі мемлекеттер ұйымының (ТМҰ) құрылуының басты қадамы болды. Ұйым 2009 жылға дейін де бар болған, бірақбасқа форматта. Түркітілдес мемлекеттердің саммиттері 1990 жылдардың басынан бері өткізіліп келеді. Бұл ұйым түркі елдерінің ортақ тарихи, мәдени және экономикалық мұрасына негізделген ынтымақтастықты тереңдету үшін құрылды. Қазақстан, өзінің көпвекторлы сыртқы саясатының арқасында, ТМҰ-ныңнегізін қалаушы елдердің бірі ретінде танылып, Еуразия аймағында тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға үлкен үлес қосты. Ал Түркия өзініңхалықаралықсаяси тәжірибесі мен экономикалық күшін пайдаланып, ТМҰ-ныңхалықаралық беделін арттыруда және оны нығайтуда маңызды рөл атқарды. 1992 жылы Анкарада түркітілдес мемлекеттер басшыларының алғашқы саммиті өтті. Бұл жиын түркі әлемін біріктіруге жәнеТүркі кеңесініңинфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Түркия мен Қазақстан арасындағы тығызбайланыс осы процестің табысты жүзеге асуына негіз болды. 2009 жылыТүркі кеңесінің институционалдық негізін қалаған Нахчыван келісімі қабылданды, бұл екі елдің ынтымақтастығын стратегиялық деңгейге көтерді.МақаладаҚазақстан мен Түркияның ТМҰ-ның институционалдық құрылымдарын қалыптастырудағы үлесі, екі елдің ортақ экономикалық және саяси бастамаларды іске асырудағы серіктестігі кеңінен талданады. Сонымен қатар, ТМҰ-ның түркі елдерінің мәдени интеграциясын тереңдетуге және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі зерттеледі. Авторлар Қазақстан мен Түркияның ТМҰ аясындағы көшбасшылық рөлін ерекше атап өтіп, ұйымның болашақ даму перспективаларына баға береді. Бұл зерттеу түркітілдес мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығыныңжаңа мүмкіндіктерін анықтауға арналған маңыздығылыми еңбектердің бірі болып табылады.