ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПРОГРАММАЛАУДАН ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУДАҒЫ РӨЛІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.87.3.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада программалаудан білім бақылауда қолданылатын практикалық тапсырмалардың, атап айтқанда алгоритмдік тапсырмалар, кодтарды жөндеу, жоба негізіндегі тапсырмалардың кемшіліктері мен артықшылықтарына салыстырмалы түрде талдау жасалған. Сонымен қатар, программалаудан білім бақылауда қолданылатын тест тапсырмаларының түрлеріне, олардың кемшіліктері мен артықшылықтарына да талдау жасалған. Соңғы жылдары білім беру үдерістеріне генеративті жасанды интеллект (GenAI) белсенді түрде енгізілуде, бұл оқыту әдістері мен білімді бағалауды айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді. GenAI технологияларының негізгі артықшылықтарының бірі – білім беру мазмұны мен бағалау әдістерін нақты уақыт режимінде бейімдеу мүмкіндігі, бұл студенттердің жеке ерекшеліктерін және олардың дайындық деңгейін есепке алуға мүмкіндік береді. GenAI негізіндегі жүйе әртүрлі деңгейлердегі тапсырмаларды жасай алады, сонымен қатар студенттерге программалаудан өздерінің білімдері мен дағдыларын жақсарту үшін жеке ұсыныстарды ұсына алады. Сондай-ақ код сапасын автоматты бағалау үшін GenAI пайдалану қарастырылады, бұл тексеру үдерісін айтарлықтай жылдамдатады және оқытушылардың бағалау субъективтілігін төмендетеді. Мақалада программалаудан студенттердің білімін бақылау үшін GenAI-ды пайдаланатын қолданыстағы жүйелер мен платформалар, сондай-ақ олардың артықшылықтары мен кемшіліктері талданады. GenAI-дың айтарлықтай әлеуетіне қарамастан, оны табысты енгізу үшін жоғары білікті мамандарды, оқытудың жаңа әдістерін дайындау және ықтимал тәуекелдерді білу қажет екенін атап көрсетеді.