ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚТАРЫНА АЛМАНЫҢ ТАЗ-ҚОТЫР ЖӘНЕ АҚ ҰНТАҚ ПАТОГЕНІНЕ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2024/15
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бау-бақша шаруашылығы Түркістан облысының басты шаруашылық бағыттарының негізі болып табылады. Облыста бұл саланың дамуына жағдай жасалып, қарқынды даму үстінде. Жоғары сапалы өнім алу үшін Түркістан облысының жағдайына өсіруге бейімделген, аурулардың дамуына төзімді жоғары өнімді сорттарды өсіру қажет. Облыста аудандастырылған және селекция жетістіктерімен жетілдірілген жергілікті сорттар көптеп өсірілуде. Алма жемісінің сапасы мен өнімділігіне тежеуші фактор ретінде саңырауқұлақ ауруларын жатқызуға болады. Соның ішінде Таз-қотыр (Venturia inaequalis (Cooke) G.) және ақ ұнтақ (Podosphaera leucotricha (Ellis & Everh.) E.S. Salmon) ауруы салдарынан алма бақтарындағы жемістердің көлемі мен сапасының төмендеуіне, жемістердің мерзімінен бұрын түсуіне, келесі жылғы жеміс бүршіктерінің нашар дамуына алып келеді. 2023 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ЖШС "Ақниет Агро" және Түлкібас, ШҚ "Коктал" шаруашылығының алма бағында саңырауқұлақ ауруын анықтау жұмысы жүргізілді. Маршруттық зерттеу жүргізілген жалпы егіс көлемі 74 га құрайды. Бақта Самуред, Старкримсон, Айдаред, Гала, Фуджи және Голден Делишес алма ағаш сортын негіз ете отырып өсірген. Бұл жылы Қазығұрт ауданының бақтарында ақ ұнтақ ауруының инфекциясы байқалмады. Самуред сортының 303 ағашынан таз-қотыр анықталды, ауруға шалдыққан ағаштың пайыздық көрсеткіші 3,7%. Фуджи сортынан таз-қотыр мен ақ ұнтақ ауруы байқалмады. Қазығұрт ЖШС "Ақниет Агро" бақтарындағы алма ағаш жапырақтарында ақ ұнтақ инфекциясы байқалмады. Түлкібас, ШҚ "Коктал" бақтарында алма ағаш жапырақтарынан таз-қотыр ауруының белгілері байқалмады. Айдаред сортының 36,11% ағашы ақ ұнтақ патогенін жұқтырған, Голден Делишес және Старкримсон сорттарынан ақ ұнтақ инфекциясы байқалмады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып таз-қотыр және ақ ұнтақ ауруымен күресудің нақты шараларын жасауға және өнім сапасын кемітпеуге мүмкіндік береді. Патогенге жоғары төзімді деп табылған сорттарды иммунитет селекциясында донор ретінде ұсынуға болады.