АКТИНОМИЦЕТТЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ СИПАТЫ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2024/23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа Биоремедиация – қоршаған ортаны ластаушы заттарды жоюдың табиғи, экологиялық таза және үнемді тәсілдерінің бірі. Биоремедиация кезінде улы органикалық және бейорганикалық ластаушы заттардың биодеградациясына қатысатын микробтық ферменттер деградацияға ұшыраған топырақтың биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін қалпына келтіру үшін экологиялық таза, әсерлі, қауіпсіз және тиімді шара болып табылады. Біздің елімізде биоремедиация мақсатында бірнеше микробтық фермент қана қолданылады, ал микроағзалардың орасан көп алуандығы әлі де толық зерттелмеген. Топырақ актиномицеттерінің ішінен пестицидтерді ыдыратуда тиімділігі жоғары штаммдарды оқшаулау үшін микроағзалар құрамында ксенобиотиктер бар агарланған қоректік ортаға себілді. Ксенобиотиктер ретінде ауыл шаруашылық саласында кеңінен қолданылатын пестицидтер қолданылды. Зерттеу барысында тәжірибелік нұсқаларда актиномицеттер штаммдарының көпшілігінің өсуі мен дамуы пестицидтердің әсерінен төмендегені анықталды. Бірақ бұл пестицидтердің уытты әсеріне қарамастан, кейбір актиномицеттер штаммдары өсуге қабілетті болды, бұл олардың деструктивті белсенділігін дәлелдейді. Деструктивті белсенділігі бойынша 16 штамм, 31 штамм, 46 штамм, 49 штамм, және 59 штамм атап өтуге болады. Актиномицеттердің берілген штаммдары биологиялық препараттарды жасауға және пайдалану мақсатында коллекция жасау үшін таңдалды.