АРТ-ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.74.3.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қоғамныңқарқынды даму жағдайында, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктердің кеңейе түсуіне байланысты, постиндустриалдық ақпараттық қоғам құру мен мәдениетаралық қарым-қатынастардың күн арта күшейуі, экономиканың дамуы, бәсекелестіктің артуы, біліктілікті қажет етпейтін еңбек саласының азайуы, әр қызмет саласындағы мамандардың іріктелуі мен үнемі кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі, жан-жақты мобильді маман болу сияқты заманауи құзыреттіліктердің айқындалуы, тұлға құндылықтарының рөлінің жоғарылауы. Педагогиканың міндеті мемлекет азаматын, отбасы иесін, білікті маман дайындауға көмектесу. Қазақстанның білім саясаты ұлттық көзқарастарды ескеріп, әлемдік бірлестіктерге таныстырып, озық үлгідегі әлемдік тәжірибелерге де сүйенеді. Жаңа білім беру парадигмасы қалыптасып қалған жүйенің күрделі түрде, түбегейлі мазмұны мен болашақ мамандарды даярлау технологиясының көркейуін, яғни мектепке дейінгі білім беру мамандарының да жаңғыруын талап етуде.Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту маңызды мәселе болып табылады. Мұнда арт-технологиялар қолдану арқылы кәсіби білім беру үдерісінжақсарту мүмкіндіктері қарастырылады. Арт-технологиялар (өнер технологиялары) білім беру жүйесінде шығармашылық қабілеттерді дамытуға, оқыту әдістерін әртараптандыруға, және оқу үдерісінқызықты әрі тиімді етуге көмектеседі.Авторлар болашақ педагогтердіңкәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамыту олардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, білім беру сапасын жақсартуға және мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық әдістерді енгізуге мүмкіндік беретініне назар аударады.Мақалада болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арт-технологиялар арқылы дамытудың әлеуеті талданған. Авторлар болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арт-технология негізіндедамыту мүмкіндіктерінің маңыздылығын ашқан.Сондай ақ, мақаладаэмпирикалық зерттеу нәтижелерін шығаруда бірнеше әдістемелер қолданылды. Олар:шығармашылық ойлау диагностикасы (Графикалық бейнені құрудың икемділігін зерттеу (Э.П.Торренс бойынша), студенттердің көркемдік және шығармашылық қабілеттерін диагностикалау (Н.А. Лепская әдістемесі бойынша).