Бақша қараот (Portulaca oleracea L.) ультрадыбыстық экстрактымен тазартқыш-пенканың антиоксиданттық белсенділігі мен қауіпсіздігін анықтау

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2024bmg3/118-126
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта өсімдік тектес шикізаттан өндірілген тері күтіміне арналған космецевтикалық өнімдер саны артып келеді. Күн сәулесінің әсері кезінде теріде бос радикалдар пайда болады, олар сәйкесінше эпидермис пен дерма деңгейінде қабыну реакцияларына әкеледі. Осы мәселені шешу үшін теріге антиоксиданттық әсер көрсететін космецевтикалық өнімдер көмекке келеді. Бақша қараот (Portulaca oleracea L.) ультрадыбыстық экстрактымен тазартқыш-пенканың антиоксиданттық белсенділігі DPPH радикалды жою сынағы арқылы, полифенолдар мен флаваноидтардың жалпы саны спектрофотометриялық әдіс арқылы, тазартқыш-пенканың қауіпсіздігі мен цитотоксикалық белсенділігі HaCat (invitro)жасушалары арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша бақша қараот (Portulaca oleracea L.) ультрадыбыстық экстрактымен тазартқыш-пенканың антиоксиданттық белсенділігі 89,1±0,54, ал жасушалар өміршеңдігі 95 % екендігі анықталды.