Аңдатпа
Мақалада цифрлық құралдарға шолу жасалып, мұғалім кадрларды даярлау жүйесі жалпы білім беру үдерісінде сандық құрылғылардың қалай әсер ететіндігі бағаланды. Цифрлық құралдар классификациясында мынадай қызметтерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді: бірлескен қызметті ұйымдастыру, цифрлық білім беру ортасын құру, онлайн сабақтарды ұйымдастыруға арналған қызметтер, кері байланысты жүзеге асыру. Мектеп мұғалімдеріне сабақ процесінде цифрлық құралдарды қолдану функционалдық және педагогикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жaлпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығымен біліктілігін арттыру мақсатында арнайы 5 модульден тұратын бағдарлама құрастырылып, соның негізінде сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша мұғалімдердің цифрлық технологияларға қызығушылығы, инновациялық әдістерді меңгеруі және оқу процесінде қолдану мүмкіндіктері бағаланды. Химия пәнінің мұғалімдеріне қашықтан оқыту кезінде қолданылатын виртуалды зертхана ұсынылды.